



Дезинсекция мен дератизацияны дұрыс жүргізу, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда қолдануға рұқсат етілген препараттарды таңдау, тұрақты пест-бақылаудың жұқпалы аурулардың алдын алудағы рөлі – осы мәселелер ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында өткен «Ашық есік күні» шарасында талқыланды.
Іс-шараға ПИК пен МИБ өкілдері, білім беру ұйымдарының қызметкерлері және жеке кәсіпорындардың мамандарынан құралған 40-қа жуық адам қатысты. Қатысушыларға пест-бақылаудың негізгі талаптары, қауіптіліктің IV класына жататын қауіпсіз құралдар мен заманауи әдістер таныстырылды.
– Жүргізілген тексерулер дезқұралдардың шамамен 50%-ы тиімділік көрсеткіштеріне сәйкес келмейтінін көрсетті, – деді Орталық директоры Сауле Шарипова. – Технология сақталмаған жағдайда микробтық биожабын түзіліп, өңдеудің нәтижесі толық болмайды. Сондықтан біз заманауи шешімдер ұсынып, мамандарды процестерді дұрыс ұйымдастыруға үйретіп келеміз.
Сарапшылар дезинфекция кезінде жиі жіберілетін қателіктерді атап өтіп, заманауи құралдардың түрлерін және оларды таңдаудың өлшемдерін түсіндірді. Қатысушылар нысандарды өңдеуге дайындау тәртібі мен жұмысты жүйелі жүргізудің маңызы жөнінде практикалық кеңестер алып, санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзектілігін атап өтті.