Басты бетМедициналық орталық командасы ҚР Президенті Іс басқармасы ұйымдастырған волейбол турнирінде жеңіс...

Медициналық орталық командасы ҚР Президенті Іс басқармасы ұйымдастырған волейбол турнирінде жеңіске жетті

Медициналық орталық командасы ҚР Президенті Іс басқармасы ұйымдастырған волейбол турнирінде жеңіске жетті Медициналық орталық командасы ҚР Президенті Іс басқармасы ұйымдастырған волейбол турнирінде жеңіске жетті Медициналық орталық командасы ҚР Президенті Іс басқармасы ұйымдастырған волейбол турнирінде жеңіске жетті Медициналық орталық командасы ҚР Президенті Іс басқармасы ұйымдастырған волейбол турнирінде жеңіске жетті Медициналық орталық командасы ҚР Президенті Іс басқармасы ұйымдастырған волейбол турнирінде жеңіске жетті Медициналық орталық командасы ҚР Президенті Іс басқармасы ұйымдастырған волейбол турнирінде жеңіске жетті

Елордада өткен дәстүрлі спартакиада аясындағы волейбол турнирінде Медициналық орталықтың құрама командасы бірінші орынды иеленді. Жарысқа Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы құрылымдарының қызметкерлері қатысты.

Медициналық орталық, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, МТҚБ Автошаруашылығы, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы, Автошаруашылық, Инженерлік-техникалық орталық, «Бүркіт» авиакомпаниясы, ҚР Президентінің Телерадиокешені, Іс Басқармасының орталық аппаратының командалары қатысып, өзара бақ сынады.

Турнирдің ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Қатысушыларға құттықтау сөзін ҚР Президенті Іс басқармасы Жетекшілер кеңесінің төрағасы Серік Сыдыков арнап, спартакиаданың маңыздылығын атап өтті. Ол мұндай спорттық іс-шаралардың ұжымдық рухты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал ететінін айтты.

Жарыстың қорытындысы бойынша Медициналық орталық командасы үздік ойын көрсетіп, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын «Бүркіт» әуе компаниясының командасына бұйырса, үшінші орын Президент Іс басқармасының автожайы командасына берілді.

Жеке шеберлігімен ерекшеленген ойыншылар да марапатталды. Турнирдің «Үздік шабуылшысы» атағын Амангелді Мейрамбекұлы, «Үздік плеймейкер» атағын Мади Мейрамбай иеленді. Ерлер арасында «Үздік ойыншы» болып Ерғазы Айнабеков, әйелдер арасында Ләззат Құзаирова танылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге, сондай-ақ үздік ойыншыларға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.