Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Халықаралық туризм және меймандостық университеті өзара ынтымақта...

ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Халықаралық туризм және меймандостық университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Халықаралық туризм және меймандостық университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Халықаралық туризм және меймандостық университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Халықаралық туризм және меймандостық университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Халықаралық туризм және меймандостық университеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Астанада ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы мен «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Медициналық орталықтың басшысы Алексей Цой және университет ректоры, басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бекежан Мырзаев қол қойды.

Меморандум аясында денсаулық сақтау, білім беру және медициналық туризм бағыттарында әріптестік орнату көзделген. Ынтымақтастық кадрларды даярлау және біліктілігін арттыру, студенттердің өндірістік тәжірибесін ұйымдастыру, сондай-ақ ғылыми-практикалық конференциялар, тренингтер, форумдар мен семинарлар өткізуге бағытталмақ.

Сонымен қатар, құжат тәжірибе алмасуға, бірлескен жобаларды дамытуға және Қазақстанның халықаралық медициналық туризмдегі беделін нығайтуға жол ашады.

Келісім шеңберінде нақты бастамаларды жүзеге асыру үшін «жол картасы» әзірленіп, қол жеткізілген нәтижелерге жыл сайын мониторинг жүргізіледі және ынтымақтастық бағыттары кеңейтіледі.

Алексей Цой меморандумға қол қою кадрларды даярлау мен медициналық туризмді дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтіп, құжаттың жоғары практикалық маңыздылығына сенім білдірді.

«Бұл келісім медициналық туризм мен мамандарды даярлауда жаңа көкжиектерді ашады. Ғылым, білім және практикалық денсаулық сақтауды тоғыстыра отырып, жүйелі ынтымақтастық орнатып, елімізге нақты пайда әкелетініне сенімдіміз», – деді ол.

Айта кету керек, меморандум бес жыл мерзімге жасалып, одан әрі ұзартылуы мүмкін.

Анықтама үшін: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен құрылған Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті – еліміздегі осы саладағы алғашқы мамандандырылған жоғары оқу орны. Университет дуалды білім беруді енгізіп, Түркия Жоғары білім кеңесіне мүше жетекші шетелдік университеттермен белсенді ынтымақтастық орнатуда.