Басты бетҚР ПІБ МО Қарлығаш балабақшасында мектепке дейінгі білім беру бойынша халықаралық тағылымдамасы өтті

ҚР ПІБ МО Қарлығаш балабақшасында мектепке дейінгі білім беру бойынша халықаралық тағылымдамасы өтті

ҚР ПІБ МО Қарлығаш балабақшасында мектепке дейінгі білім беру бойынша халықаралық тағылымдамасы өтті ҚР ПІБ МО Қарлығаш балабақшасында мектепке дейінгі білім беру бойынша халықаралық тағылымдамасы өтті ҚР ПІБ МО Қарлығаш балабақшасында мектепке дейінгі білім беру бойынша халықаралық тағылымдамасы өтті ҚР ПІБ МО Қарлығаш балабақшасында мектепке дейінгі білім беру бойынша халықаралық тағылымдамасы өтті ҚР ПІБ МО Қарлығаш балабақшасында мектепке дейінгі білім беру бойынша халықаралық тағылымдамасы өтті ҚР ПІБ МО Қарлығаш балабақшасында мектепке дейінгі білім беру бойынша халықаралық тағылымдамасы өтті

Астанада «Қазақстандағы мектепке дейінгі білім берудегі озық педагогикалық тәжірибелер» атты халықаралық тағылымдама өтті.

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы» РМК (№3 және №1 балабақшалар) тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Астана халықаралық мектебі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қолдауымен «Қарлығаш» балабақшасы тағылымдаманың ұйымдастырушысы болды.

Тағылымдамаға Ресей Федерациясынан 22 педагог қатысты. Олардың қатарында Мәскеу, Мәскеу облысы, Пермь, Томск, Красноярск және Ярославль қалаларынан келген жетекшілер, әдіскер және тәрбиешілер бар. Қазақстан атынан «Қарлығаш» педагогтері, Астана халықаралық мектебі мен ЕҰУ түлектері қатысты.

Басты мақсат – тәжірибе алмасу және мектепке дейінгі білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.

Бағдарлама аясында практикалық сабақтар, шеберлік сағаттары мен экскурсиялар өтті. Ұсынылған әдістердің ішінде «Singapore Math», «Жарық пен көлеңкенің сыры» зерттеу ойыны, «Ants are amazing» билингвалды жобасы, жүзу сабағы және «Тұмар» қолданбалы өнер бұйымын жасауға арналған шеберлік сағаты ерекше қызығушылық тудырды.

Қатысушылар балабақшалардың инфрақұрылымымен де танысты: этно-орталық, медиа-студия, сенсорлық бөлмелер, STEAM-зертхана, Монтессори аймағы және инновациялық кинозал.

Соңғы кезеңде «Мектепке дейінгі білім беруді дамытудың заманауи үрдістері» атты дөңгелек үстел өтті. Ресей сарапшысы, педагогика ғылымдарының докторы Лариса Круглова білім беру процесіне жаңа технологиялардың тиімді енгізілгенін атап өтті. Ал «Қарлығаш» балабақшасы» РМК директорының орынбасары Айгүл Стыбаева мұндай кездесулердің кәсіби қауымдастықтар арасындағы сенім мен ынтымақтастықты арттырудағы рөлін ерекше атап өтті.

Тағылымдаманың нәтижесінде қатысушылар сингапурлық математика, STEAM, билингвалды және сенсорлық оқыту әдістерімен қатар 3D-технологияларды, робототехниканы және интерактивті форматтарды қолдану тәжірибесімен танысты.

Алдағы уақытта халықаралық тағылымдамалардың аясын кеңейту, бірлескен зерттеу жобаларын жүзеге асыру және «Қарлығаш» балабақшасы» РМК тәжірибесін халықаралық деңгейде насихаттау жоспарланып отыр.