Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында 9 ай ішінде шамамен 700 шетелдік науқас ем қабылдады

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында 9 ай ішінде шамамен 700 шетелдік науқас ем қабылдады

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында 9 ай ішінде шамамен 700 шетелдік науқас ем қабылдады ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында 9 ай ішінде шамамен 700 шетелдік науқас ем қабылдады ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында 9 ай ішінде шамамен 700 шетелдік науқас ем қабылдады ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында 9 ай ішінде шамамен 700 шетелдік науқас ем қабылдады

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы – еліміздегі жетекші медициналық мекемелердің бірі. Мұнда қазақстандық азаматтармен қатар, шетелден келген пациенттерге де жоғары деңгейлі медициналық көмек көрсетіледі.

Медициналық туризмді дамыту мақсатында ауруханада шетелдік пациенттерге арналған «Health is Here» бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бұл бағдарлама аясында науқастарға толық қолдау көрсетіледі: алғашқы кеңес алудан бастап ем жоспарын әзірлеу, емдеу кезеңін ұйымдастыру және отанына оралғанға дейінгі бүкіл процесті қамтиды.

2025 жылдың алғашқы тоғыз айында осы бағдарлама арқылы 684 шетел азаматы ем қабылдады. Олардың ішінде ТМД елдерінің тұрғындары (Ресей, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Өзбекстан), сондай-ақ АҚШ, Қытай, Түркия, Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия мен Канададан келген пациенттер бар.

Аурухана дәрігерлері үнемі кәсіби біліктілігін арттырып, әлемдік медицинаның озық тәжірибелерін енгізуде. Соның арқасында ең күрделі дертке шалдыққан науқастарға да халықаралық деңгейде сапалы ем көрсету мүмкіндігі бар.

Шетелдік пациенттермен жұмысты үйлестіруде серіктес клиникалармен өзара іс-қимыл және медициналық туризмді дамыту бөлімі маңызды рөл атқарады. Бұл бөлімнің мамандары дәрігерлер мен науқастар арасындағы сенімді дәнекер ретінде қызмет атқарып, емдеу процесінің әр кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетеді.