Басты бетҚР ПІБ МО Референс-зертханасы қоршаған ортаның қауіпті ластағыштарына зерттеу жүргізеді

ҚР ПІБ МО Референс-зертханасы қоршаған ортаның қауіпті ластағыштарына зерттеу жүргізеді

ҚР ПІБ МО Референс-зертханасы қоршаған ортаның қауіпті ластағыштарына зерттеу жүргізеді ҚР ПІБ МО Референс-зертханасы қоршаған ортаның қауіпті ластағыштарына зерттеу жүргізеді ҚР ПІБ МО Референс-зертханасы қоршаған ортаның қауіпті ластағыштарына зерттеу жүргізеді ҚР ПІБ МО Референс-зертханасы қоршаған ортаның қауіпті ластағыштарына зерттеу жүргізеді

Қазақстан Республикасында диоксиндер мен полихлорланған бифенилдердің (ПХБ) әсерін бақылау және алдын алу бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда. Бұл заттар – адам ағзасында жиналып, эндокриндік, иммундық және репродуктивтік жүйелердің қызметін бұзуға қабілетті, ең қауіпті тұрақты органикалық ластағыштардың (ТОЛ) қатарына жатады. Негізгі ластану көздері – рұқсат етілмеген қалдықтарды өртеу, ескірген өндірістік жабдықтар, сондай-ақ құрамында ПХБ бар трансформаторлар мен конденсаторлар болып табылады.

2007 жылдан бері Қазақстан Стокгольм конвенциясына қатысушы мемлекет ретінде диоксиндер мен басқа да тұрақты органикалық ластағыштардың шығарындыларын азайту және жою бағытында белсенді шаралар қабылдап келеді. Мемлекеттік саясаттың басты бағыты – экологиялық мониторинг жүйесін дамыту, қауіпті қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу, халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру және заманауи зертханалық талдау әдістерін енгізу.

Референс-зертхана құрамында диоксиндер мен полихлорланған бифенилдерді анықтайтын арнайы зертхана жұмыс істейді. Ол халықаралық МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 стандарты бойынша аккредиттелген. Мұнда ауа, су, топырақ, азық-түлік өнімдері мен өндірістік қалдықтардың сынамалары зерттеліп, қауіпті қосылыстардың мөлшері жоғары дәлдікпен анықталады. Алынған нәтижелер ластану ошақтарын дер кезінде айқындап, оларды жою бойынша тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

Зертхананың қызметі елдің экологиялық және санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Жүйелі зерттеулер мен ведомствоаралық ынтымақтастықтың арқасында Қазақстан тұрақты органикалық ластағыштарға мемлекеттік бақылау жүйесін нығайтып, халықаралық экологиялық міндеттемелерін орындауға және азаматтардың денсаулығын қорғауға өз үлесін қосып келеді.