Басты бетҰлттық госпиталь қызметкері ұйқыбез обыры бойынша халықаралық зерттеуге қатысты

Ұлттық госпиталь қызметкері ұйқыбез обыры бойынша халықаралық зерттеуге қатысты

Ұлттық госпиталь қызметкері ұйқыбез обыры бойынша халықаралық зерттеуге қатысты

Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталі нейрохирургі, Жас мамандар кеңесінің мүшесі Абзал Жұмабеков онкология саласындағы беделді ғылыми басылымдардың бірі – Cancers журналына жарияланған халықаралық ғылыми зерттеудің авторларының қатарынан орын алды.

Профессор Абдужаппар Ғайыповтың жетекшілігімен жүргізілген бұл жұмыс Назарбаев университетінің жас ғалымдары мен Ұлттық госпиталь мамандарының қатысуымен жүзеге асырылды. «The Incidence, Mortality, and Survival Trends of Pancreatic Cancer in Kazakhstan: Data from the National Electronic Registry of Oncological Patients (2014-2023)» атты зерттеу Қазақстандағы ұйқыбез обырына қатысты аурушаңдық, өлім-жітім және өмір сүру ұзақтығының үрдістерін талдаған алғашқы ірі зерттеу болып табылады.

Авторлардың деректеріне сәйкес, ұйқыбез обыры еліміздегі онкологиялық өлім-жітімнің бес негізгі себебінің қатарына кіреді. 2014-2023 жылдар аралығында сырқаттанушылық пен өлім-жітім көрсеткіштерінің өсуі байқалған, ал науқастардың бес жылдық өмір сүру деңгейі небәрі 10,9 пайызды құрайды.

Зерттеу нәтижелері Қазақстанда онкологиялық көмектің тиімділігін арттыру және ерте диагностика жүйесін жетілдіру қажеттігін айқын көрсетеді.

Cancers журналында Ұлттық госпиталь қызметкерінің халықаралық ғылыми жарияланымға қатысуы клиника мамандарының жоғары ғылыми әлеуетін және олардың әлемдік ғылыми қауымдастыққа белсенді қатысуын айғақтайды.