24 қазанда, Республика күні қарсаңында, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына қарасты ұйымдардың қызметкерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Денсаулық сақтау жүйесінің дамуына және Медициналық орталыққа қарасты мекемелердің тиімді жұмысына елеулі үлес қосқан қызметкерлер кәсіби шеберлігі, жауапкершілігі және өз ісіне адалдығы үшін ведомстволық наградалармен марапатталды.
Салтанатты шараға ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары Бақыт Әбілдинов қатысып, қызметкерлерге адал еңбегі мен саланы дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс білдірді.
ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы Рустам Албаев өз сөзінде бұл марапаттар мамандардың көпжылдық еңбегінің лайықты бағасы екенін атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы қызметкерлердің кәсібилігі мен жауапкершілігінің арқасында бүкіл жүйенің тұрақты әрі сапалы жұмыс істеуі қамтамасыз етілуде.
«Еңбек ардагері» медалімен, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен бірқатар қызметкерлер марапатталды.
Сонымен қатар, ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық наградаларымен – «Үздік еңбегі үшін» төсбелгісімен және Құрмет грамоталарымен – 30-дан астам қызметкер марапатталды.
Жалпы алғанда, Медициналық орталыққа қарасты ұйымдардың 86 қызметкері ведомстволық наградаларға ие болды.