Басты бетМедициналық орталығының халықаралық конференциясы 17 елден 4 мыңнан астам қатысушыны біріктірді

Медициналық орталығының халықаралық конференциясы 17 елден 4 мыңнан астам қатысушыны біріктірді

Медициналық орталығының халықаралық конференциясы 17 елден 4 мыңнан астам қатысушыны біріктірді Медициналық орталығының халықаралық конференциясы 17 елден 4 мыңнан астам қатысушыны біріктірді Медициналық орталығының халықаралық конференциясы 17 елден 4 мыңнан астам қатысушыны біріктірді Медициналық орталығының халықаралық конференциясы 17 елден 4 мыңнан астам қатысушыны біріктірді Медициналық орталығының халықаралық конференциясы 17 елден 4 мыңнан астам қатысушыны біріктірді Медициналық орталығының халықаралық конференциясы 17 елден 4 мыңнан астам қатысушыны біріктірді

Астанада ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы ұйымдастырған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өз мәресіне жетті. Шараға онлайн және офлайн форматта 17 елден 4 мыңнан астам қатысушы қатысты.

Конференцияға мемлекеттік органдардың өкілдері, жетекші клиникалар мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандары, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, медициналық қауымдастықтар мен шетелдік сарапшылар қатысты.

Ауқымды форум жыл ішіндегі ең ірі кәсіби алаңдардың бірі болып, тәжірибе алмасу, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және Қазақстан медицинасының дамуында инновациялық тәсілдерді ілгерілетуге арналды.

Конференцияның екінші күнінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы Ауруханасының базасында өтті. Мұнда қазіргі медицинаның негізгі бағыттары – кардиохирургия, онкология, ядролық медицина, радиология және молекулалық генетика бойынша сессиялар ұйымдастырылды.

Пленарлық және секциялық отырыстарда аз инвазивті технологияларды енгізу перспективалары, диагностикада жасанды интеллектіні қолдану, емдеудің жекелендірілген тәсілдері мен онкологиядағы генетикалық зерттеулерді дамыту мәселелері талқыланды.

Форум аясында Қазақстан мен Орталық Азияда алғаш рет жүрекке жасалған роботтандырылған операция ерекше назарға ілікті. Бұл операцияны Аурухананың кардиохирургтары Қытай Халық Республикасының мамандарымен бірлесіп сәтті орындады. Аталған оқиға отандық медицина үшін тарихи қадам болып, заманауи технологияларды біріктірудің әлеуетін және қазақстандық дәрігерлердің жоғары кәсіби деңгейін көрсетті.

Конференция шеңберінде халықаралық мамандардың консультациялық қабылдаулары өтті.

Аурухананыңкардиолог-дәрігерлерімен бірге Мәскеуден келген медицина ғылымдарының докторы, кардиолог және функционалдық диагностика маманы Ольга Джиоева пациенттерді қабылдады. Сондай-ақ, Жапонияның Ёыйдо қаласындағы Әулие Мария ауруханасының гематология бөлімінің меңгерушісі профессор Jeon Yungwoo тоғыз пациентті қарап, кәсіби кеңес берді.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында «Қазақстан Республикасының зертханалық қызметін жетілдіру» атты конференция өтті. Онда биологиялық қауіпсіздік, зертханалық диагностика және эпидемиологиялық бақылау саласының мамандары бас қосты.

Қатысушылар зертханалық процестерді стандарттау, сапаны бақылаудың заманауи әдістерін енгізу, отандық тест-жүйелерді дамыту және зертханалық медицинаны кадрлық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Бұдан бөлек, ҚР Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығы қарасты «Қарлығаш» балабақшасы базасында «Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім берудің үздік тәжірибелері» атты халықаралық конференция өтті. Оған педагогтер, зерттеушілер, ЮНИСЕФ, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің және тоғыз елдің білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Панельдік сессияда оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістемелері, инклюзия, медициналық сүйемелдеу және экологиялық тәрбиенің өзекті мәселелері талқыланды. Ерекше қызығушылық тудырған жобалар қатарында ұлттық құндылықтарға негізделген балаларды дамытуға бағытталған авторлық «Бастау» бағдарламасы мен экологиялық Eсoteam жобасы аталды.