Басты бетКосметикалық өнімдердің токсикалық қауіпсіздігі: заманауи бақылау әдістері

Косметикалық өнімдердің токсикалық қауіпсіздігі: заманауи бақылау әдістері

Косметикалық өнімдердің токсикалық қауіпсіздігі: заманауи бақылау әдістері Косметикалық өнімдердің токсикалық қауіпсіздігі: заманауи бақылау әдістері Косметикалық өнімдердің токсикалық қауіпсіздігі: заманауи бақылау әдістері Косметикалық өнімдердің токсикалық қауіпсіздігі: заманауи бақылау әдістері Косметикалық өнімдердің токсикалық қауіпсіздігі: заманауи бақылау әдістері

Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі олардың құрамында зиянды қоспалардың болмауына тікелей байланысты. Қорғасын, сынап, күшән, фенол және пигменттердің әртүрлі қоспалары өте аз мөлшерде болса да, ұзақ уақыт қолданғанда ағзада жиналып, теріге, бауыр мен бүйрекке, жүйке және эндокриндік жүйелерге кері әсерін тигізуі, сондай-ақ созылмалы тері өзгерістерін туындатуы мүмкін.

Мұндай қауіпті заттарды анықтау үшін жоғары дәлдіктегі зертханалық әдістер қолданылады. Соның ішінде индуктивті байланысқан плазмалық масс-спектрометрия (ИБП-МС) кремдерден, декоративті косметикадан және құрамында минералы бар өнімдерден ауыр металдардың ең төмен концентрациясын дәл өлшеуге мүмкіндік береді. Бұл тәсіл «Парфюмериялық-косметикалық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 009/2011 техникалық регламент талаптарына сәйкестігін объективті бағалауға жол ашады.

Өнімнің құрамындағы ингредиенттердің жалпы токсикалық әсерін айқындау мақсатында АТ-05 анализаторында биологиялық тест жүргізіледі. Тест-жасушалардың белсенділігінің бұзылуы заттың теріні тітіркендіруі, аллергиялық реакциялар тудыруы немесе химиялық талдаумен анықталмайтын өзге де жағымсыз әсерлерге әкелуі мүмкін екенін көрсетеді.

Косметикалық өнімдерді сатып алғанда өнімнің таңбалануына, жарамдылық мерзіміне, қаптамасының бүтіндігіне және иісіне назар аудару маңызды. Құрамы көрсетілмеген, жапсырмасы көмескі немесе иісі күмән тудыратын өнімдер сапасының төмендігін және қауіпті қоспалардың болуы мүмкін екенін аңғартады.

ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы парфюмериялық-косметикалық өнімдердегі ауыр металдардың құрамын және жалпы токсикалық әсерін анықтау бойынша зерттеулер жүргізіп, олардың қауіпсіздігіне кәсіби әрі сенімді бағалау қызметтерін ұсынады.