Басты бетСүйек метастаздарын емдеудің жаңа әдісі енді Қазақстанда қолданыла бастады

Сүйек метастаздарын емдеудің жаңа әдісі енді Қазақстанда қолданыла бастады

Сүйек метастаздарын емдеудің жаңа әдісі енді Қазақстанда қолданыла бастады Сүйек метастаздарын емдеудің жаңа әдісі енді Қазақстанда қолданыла бастады Сүйек метастаздарын емдеудің жаңа әдісі енді Қазақстанда қолданыла бастады Сүйек метастаздарын емдеудің жаңа әдісі енді Қазақстанда қолданыла бастады

ҚР ПІБ Медициналық орталығы Ауруханасының Ядролық медицина орталығында Қазақстан бойынша алғаш рет онкологиялық науқастардағы сүйек метастаздары мен ауырсынуды емдеудің жаңа әдісі қолданыла бастады.

Емдеу үшін 153Sm-Самарий-Оксабифор заманауи препараты қолданылады. Бұл препарат дәл зақымданған сүйек ошақтарында жиналып, оларға жұмсақ бета-сәулелену арқылы әсер етеді. Соның нәтижесінде ауырсыну азайып, сүйек тінінің бұзылу процесі баяулайды, ал сау тіндер зардап шекпейді.

Процедура көктамыр арқылы жүргізіледі және үш айда бір рет жасалады. Әдетте ем үшін үштен алты ретке дейінгі сеанс қажет болады. Емдеу амбулаториялық жағдайда өтеді. Науқас ауруханаға жатқызылмайды, барлық процесс онколог-дәрігер мен ядролық медицина маманының бақылауымен жүргізіледі.

Бұл әдіс, әсіресе, сүйектегі көпошақты метастаздар кезінде сыртқы сәулелік терапия тиімсіз немесе мүмкін болмаған жағдайда жақсы балама бола алады.

Жаңа тәсілдің артықшылығы – ауырсынуды айтарлықтай азайтып, науқастың өмір сапасын жақсартады. Сонымен қатар бұл әдісті басқа онкологиялық ем түрлерімен, яғни химиотерапиямен, таргеттік, гормоналды және иммундық терапиямен қатар қолдануға болады. Қауіпті жанама әсерлері өте аз, ал емнен кейінгі қалпына келу кезеңі – жылдам.

Алайда сүйек кемігі мен бүйрек қызметі айтарлықтай бұзылған жағдайда, сондай-ақ жүктілік пен бала емізу кезінде бұл ем жүргізілмейді.