Басты бетҰлттық госпитальда «Sovmin Forum 2025» форумы өтті

Ұлттық госпитальда «Sovmin Forum 2025» форумы өтті

Ұлттық госпитальда «Sovmin Forum 2025» форумы өтті Ұлттық госпитальда «Sovmin Forum 2025» форумы өтті Ұлттық госпитальда «Sovmin Forum 2025» форумы өтті Ұлттық госпитальда «Sovmin Forum 2025» форумы өтті Ұлттық госпитальда «Sovmin Forum 2025» форумы өтті

Ұлттық госпитальда жас ғалымдардың «Sovmin Forum 2025» ғылыми форумы өтті. Шараға 10 жас маман қатысып, магнитті-резонанстық томография арқылы деменцияны ерте анықтау, несепағардың ұзақ ақауларын қалпына келтіру, бауыр трансплантациясынан кейінгі билиарлық асқынулар мен стеноздарды емдеу бойынша зерттеулерін ұсынды.

Форум қорытындысы бойынша бірінші орын Қазақ ұлттық медицина университетінің ортопедиялық стоматология кафедрасының докторанты Мәди Тлешевке берілді. Ол титан диоксиді мен күміс бөлшектеріне негізделген стоматологиялық импланттың жаңа отандық үлгісін ұсынды.

Екінші орын босануды индукциялауда Фолей катетері мен мизопростолды қолдану тақырыбын зерттеген Дильфуза Сұлтанмұратоваға берілді. Үшінші орын несепағарды қалпына келтіру бойынша жұмыс ұсынған Ринат Нұржанға тапсырылды.

Жюри мүшесі, Ұлттық госпитальдің онкохирургия бөлімінің меңгерушісі Естай Абзалбек қатысушылардың жұмыстарын жоғары бағалады.

«Біз дәлелділігі жоғары, ғылыми сатылары толық орындалған зерттеулерді таңдадық. Қазіргі ғылымның басты құндылығы – оның практикалық пайдасы. Форумда клиникалық тәжірибеге енгізуге дайын мазмұнды әрі маңызды жобалар ұсынылды», – деді ол.

Шара бірнеше жылдан бері Ұлттық госпиталь базасында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Форум жас ғалымдарды қолдап, олардың ғылыми әзірлемелерін клиникалық тәжірибеге енгізуге ықпал етеді.