ҚР ПІБ Медициналық орталығы орталығының «Оқжетпес» шипажайының 60 жылдық мерейтойы аясында кешеннің тарихы мен дамуына арналған арнайы деректі фильм жарыққа шықты. Фильм ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының денсаулық сақтау жүйесіне «Оқжетпестің» қосқан зор үлесін көрсетеді.
Деректі фильмде «Оқжетпес» санаторийінің қалыптасу кезеңдері, медициналық туризмнің дамуына қосқан үлесі, бүгінгі жетістіктері мен болашаққа деген бағдары кеңінен баяндалады. Сонымен қатар, санаторийдің көпжылдық дәстүрі мен емдеу философиясын сақтап қалу жолындағы жұмысы да көрініс тапқан.
«Оқжетпес» – еліміздегі жетекші сауықтыру орталықтарының бірі ретінде танылып, алты онжылдық бойы халық игілігіне қызмет етіп келеді.
Деректі фильмді төмендегі сілтеме арқылы өтіп, көруге болады: