Басты бетKAZNEURO: Ұлттық госпиталь хирургтары тікелей эфирде екі күрделі нейрохирургиялық ота жасады

KAZNEURO: Ұлттық госпиталь хирургтары тікелей эфирде екі күрделі нейрохирургиялық ота жасады

KAZNEURO: Ұлттық госпиталь хирургтары тікелей эфирде екі күрделі нейрохирургиялық ота жасады KAZNEURO: Ұлттық госпиталь хирургтары тікелей эфирде екі күрделі нейрохирургиялық ота жасады KAZNEURO: Ұлттық госпиталь хирургтары тікелей эфирде екі күрделі нейрохирургиялық ота жасады KAZNEURO: Ұлттық госпиталь хирургтары тікелей эфирде екі күрделі нейрохирургиялық ота жасады KAZNEURO: Ұлттық госпиталь хирургтары тікелей эфирде екі күрделі нейрохирургиялық ота жасады KAZNEURO: Ұлттық госпиталь хирургтары тікелей эфирде екі күрделі нейрохирургиялық ота жасады KAZNEURO: Ұлттық госпиталь хирургтары тікелей эфирде екі күрделі нейрохирургиялық ота жасады

Алматы қаласындағы Ұлттық госпитальде KAZNEURO нейрохирургиялық талқылаулардың оныншы курсы аясында жоғары технологиялы және аз инвазивті әдістемелер қолданылған екі заманауи нейрохирургиялық ота тікелей эфирде көрсетілді.

Онлайн-трансляциялар барысында Ұлттық госпитальдің нейрохирургия бөлімшесін ұйымдастырушылардың бірі, нейрохирург Мынжылқы Бердіхожаев әлемдік клиникалық тәжірибеде жақында енгізілген инновациялық хирургиялық араласуды орындады. Сонымен қатар нейрохирург Марат Саршаев миға аз инвазивті эндоскопиялық ота жасады.

Ота барысын нақты уақыт режимінде Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен, сондай-ақ Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Германиядан және басқа да елдерден нейрохирургия және нейроинтервенция саласының мамандары бақылап отырды.

Тәжірбиелік көрсетілімдер нейрохирург Мынжылқы Бердіхожаевтың бастамасымен тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан KAZNEURO-ның мерейтойлық, оныншы курсының негізгі бөлігіне айналды.

Ғылыми бағдарлама аясында қатысушылар артериовеноздық мальформациялар мен ми аневризмаларын емдеудің заманауи тәсілдерін, бас және мойын тамырларының стеноздарын емдеудің эндоваскулярлық әдістерін, мидың базальды ісіктеріне жасалатын хирургияны (оның ішінде гипофиз аденомасын эндоскопиялық емдеу), сондай-ақ омыртқа ісіктерін микрохирургиялық емдеуді талқылады.