Басты бетСЭСО өкілдері FAO ұйымдастырған халықаралық кездесуге қатысты

СЭСО өкілдері FAO ұйымдастырған халықаралық кездесуге қатысты

СЭСО өкілдері FAO ұйымдастырған халықаралық кездесуге қатысты СЭСО өкілдері FAO ұйымдастырған халықаралық кездесуге қатысты СЭСО өкілдері FAO ұйымдастырған халықаралық кездесуге қатысты

Стамбул қаласында БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO) ұйымдастырған пестицидтердің халық денсаулығына әсері және ұлттық ден қою жүйелерін нығайту мәселелеріне арналған халықаралық кездесу өтті.

Іс-шараға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Венгрия, Швейцария және Өзбекстан мемлекеттерінің өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының атынан кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының өкілдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Экология және табиғи ресурстар министрлігі және Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан Орталық Азия елдері арасында алғашқылардың бірі болып құрылған токсикоақпараттық орталықты қалыптастыру тәжірибесін таныстырды.

Аталған токсикоақпараттық орталық 2024 жылы Еуропалық одақтың қолдауымен жүзеге асырылған жоба аясында Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының базасында ашылған.

Қазіргі таңда СЭСО халықаралық TOXBASE дерекқоры негізінде химиялық уланулар кезінде халыққа жедел көмек көрсету мақсатында Шымкент және Қарағанды қалаларында ашылған екі орталыққа провайдерлік қолдау көрсетіп отыр.