Басты бетҚыс дәмі – мандарин: сапа мен қауіпсіздікті тексеру

Қыс дәмі – мандарин: сапа мен қауіпсіздікті тексеру

Қыс дәмі – мандарин: сапа мен қауіпсіздікті тексеру Қыс дәмі – мандарин: сапа мен қауіпсіздікті тексеру Қыс дәмі – мандарин: сапа мен қауіпсіздікті тексеру Қыс дәмі – мандарин: сапа мен қауіпсіздікті тексеру

Қыс мезгілінде мандарин маусымның ең танымал жемістерінің біріне айналады. Оны мерекелік дастарқанға арнап алады, алдын ала қор жинайды, үйдің сәні ретінде қояды. Сондықтан дәл осы кезеңде мандариннің сапасы мен қауіпсіздігі тек дәмі мен балғындығымен ғана шектелмей, әлдеқайда маңызды мәнге ие болады.

Импортталатын кез келген жеміс секілді, мандариндер де міндетті түрде сапа бақылауынан өтеді. Өсіру және сақтау үдерісінде агротехникалық әрі қорғау құралдары қолданылады, ал зертханалық тексеру барысында нитраттардың мөлшері сияқты көрсеткіштер бағаланады. Бұл көрсеткіштер өздігінен мақсат емес, өнімнің белгіленген қауіпсіздік талаптарына қаншалықты сай келетінін айқындайтын маңызды индикаторлар болып табылады. Әдетте ықтимал қалдық заттар жемістің қабығында шоғырланатыны да ескеріледі.

Сауда орындарында мандарин көбіне сыртқы келбетіне қарап таңдалады: тегіс, ашық түсті, сәл жылтыр болғаны ұнайды. Алайда қабығының шамадан тыс жылтыр немесе жабысқақ болуы қосымша өңдеуден өткенін аңғартуы мүмкін. Көпшілік үшін бұл айтарлықтай қауіп тудырмаса да, сезімтал адамдарда мұндай жемістер кейде тері реакциясын немесе жайсыздық сезімін тудыруы ықтимал.

Сапаны анықтауға көмектесетін үш қарапайым белгі

• Иісі. Жаңа мандарин жағымды, табиғи цитрус иісімен танылады. Ал бөтен немесе күмәнді иіс оның сапасына мұқият қарау керектігін білдіреді.

• Серпімділігі. Жеміс тым жұмсақ та, шамадан тыс құрғақ та болмауы тиіс. Сапалы мандарин қолмен ұстағанда пішінін жақсы сақтайды.

• Қабығы. Мандариннің қабығы тым жылтыр болып көрінсе де, бұл оны сатып алмауға негіз бола алмайды. Дегенмен, мұндай жемісті тұтынар алдында жылы сумен мұқият жуып алған дұрыс.

Бұл – қарапайым, бірақ тиімді шара: ол қабық бетіндегі ықтимал ластануларды азайтып, маусымдық жемісті күнделікті тұтынуға анағұрлым қауіпсіз етеді. Әсіресе мереке күндері мандарин әдеттегіден жиі желінетінін ескерсек, бұл аса өзекті.

Мандариндердің сапасы мен қауіпсіздігі зертханалық сынақтар арқылы бақыланады. Атап айтқанда, өнім құрамындағы пестицидтер мен нитраттардың деңгейі тексеріледі. Бұл жұмыстарды, соның ішінде, ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мамандары жүргізіп, өнімнің белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін объективті бағалауға мүмкіндік береді.