Басты бетҰлттық госпитальде шап жарығын лапароскопиялық жолмен емдеудің жаңа әдісі енгізілді

Ұлттық госпитальде шап жарығын лапароскопиялық жолмен емдеудің жаңа әдісі енгізілді

Ұлттық госпитальде шап жарығын лапароскопиялық жолмен емдеудің жаңа әдісі енгізілді Ұлттық госпитальде шап жарығын лапароскопиялық жолмен емдеудің жаңа әдісі енгізілді Ұлттық госпитальде шап жарығын лапароскопиялық жолмен емдеудің жаңа әдісі енгізілді

Ұлттық госпитальде шап жарығын лапароскопиялық жолмен алып тастау әдісі сәтті қолданылып келеді. Бұл заманауи хирургиялық тәсіл жоғары тиімділігімен, қауіпсіздігімен және науқастың тез қалпына келуімен ерекшеленеді. Аталған әдіс өткен жылдан бастап хирургия бөлімшесінде тәжірибеге енгізілді.

Хирургия бөлімшесінің дәрігер-хирургі Ернұр Ахметовтің айтуынша, лапароскопиялық хирургияның басты артықшылығы – тіндердің аз зақымдалуы. Операция шамамен 5 мм көлеміндегі шағын тесіктер арқылы жасалып, асқыну қаупін төмендетеді, операциядан кейінгі ауырсынуды азайтады және оңалтуды жеделдетеді.

Маманның сөзінше, емделушілердің басым бөлігі операциядан кейін 2–3 күн ішінде белсенді өмір салтына қайта оралады. Сонымен қатар бұл әдіс шап жарығының қайта пайда болу ықтималдығын төмендетеді, ал операциядан кейінгі тыртықтар көзге байқалмайды. Дәстүрлі ашық әдіспен салыстырғанда, лапароскопиялық операция кезінде үлкен кесу жасалмайды және қалпына келу мерзімі едәуір қысқарады.

Лапароскопиялық хирургияда инфекция, қан кету сияқты асқынулардың қаупі төмен. Дегенмен, емдеу тәсілін таңдау әр науқас үшін жеке қарастырылады және дәрігердің медициналық ұсынымдарына негізделеді.