Басты бетМедорталық ауруханасының нейрохирургтері бірегей эндоскопиялық әдіспен сирек кездесетін жүйке аур...

Медорталық ауруханасының нейрохирургтері бірегей эндоскопиялық әдіспен сирек кездесетін жүйке ауруын жойды

Медорталық ауруханасының нейрохирургтері бірегей эндоскопиялық әдіспен сирек кездесетін жүйке ауруын жойды Медорталық ауруханасының нейрохирургтері бірегей эндоскопиялық әдіспен сирек кездесетін жүйке ауруын жойды

Медициналық орталық ауруханасының нейрохирургтері сирек әрі ауыр гемифациалды спазм дерті бар науқасқа заманауи эндоскопиялық операцияны сәтті жасады. Аз инвазиялы әдістің арқасында аурудың негізгі себебі жойылып, науқастың өмір сапасы қалпына келді.

«Науқас бірнеше жыл бойы бетінің сол жақ бөлігіндегі бұлшықеттердің өздігінен жиырылуына байланысты дәрігер бақылауында болды. Ауру біртіндеп күшейіп, күнделікті тұрмысы мен өмір сапасына айтарлықтай әсер етті. Бұған дейін дәрі-дәрмекпен емдеу нәтиже бермеген соң, квота аясында операция жасау туралы шешім қабылданды», – деді нейрохирург Әбубәкір Зұлпықаров.

Операция барысында нейрохирургтер бас сүйектің артқы бөлігі арқылы сол жақ бет нервісіне эндоскопиялық микроваскулярлық декомпрессия жасады. Араласу кезінде бет нервісінің артериялық қан тамыры тарапынан қысылғаны анықталды. Хирургтер нервті тамырдан толық оқшаулап, дәл декомпрессия жүргізді. Соның нәтижесінде аурудың негізгі себебі жойылды.

Эндоскопиялық әдісті қолдану операцияны аз инвазиялы етеді: кесу көлемі азаяды, айналадағы тіндер аз зақымдалады, асқыну қаупі төмендейді және науқас тезірек қалпына келеді.

Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті. Науқас алғашқы тәуліктен бастап белсенді болды, неврологиялық жағдайында ешқандай нашарлау байқалмады. Бет бұлшықеттерінің тартылуы толық тоқтап, барлық шағым жойылды.

Жасалған операция эндоскопиялық микроваскулярлық декомпрессияның гемифациалды спазмды емдеудегі ең тиімді әрі заманауи әдістердің бірі екенін көрсетті.