Басты бет«Қарлығаш» балабақшасында мультимедиялық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған педагогика...

«Қарлығаш» балабақшасында мультимедиялық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған педагогикалық кеңес өтті

«Қарлығаш» балабақшасында мультимедиялық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған педагогикалық кеңес өтті «Қарлығаш» балабақшасында мультимедиялық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған педагогикалық кеңес өтті «Қарлығаш» балабақшасында мультимедиялық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған педагогикалық кеңес өтті «Қарлығаш» балабақшасында мультимедиялық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған педагогикалық кеңес өтті «Қарлығаш» балабақшасында мультимедиялық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған педагогикалық кеңес өтті «Қарлығаш» балабақшасында мультимедиялық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған педагогикалық кеңес өтті «Қарлығаш» балабақшасында мультимедиялық технологияларды қолдану мәселелеріне арналған педагогикалық кеңес өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында «Мультимедиялық құралдар оқытудың көмекші көзі ретінде» тақырыбында № 4 педагогикалық кеңес өткізілді.

Педагогикалық кеңестің мақсаты – оқу-тәрбие үдерісінде мультимедиялық құралдарды тиімді, мақсатты және балалардың жас ерекшеліктеріне сай қолданудың маңызын ашу, сондай-ақ педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін арттыру.

Педагогикалық кеңес жұмысына Кәсіпорын директорының тәрбие-білім беру қызметі жөніндегі орынбасары, құрылымдық басқарма әдіскерлері, «Қарлығаш» балабақшаларының меңгерушілері мен әдіскерлері және № 1, 2, 3 балабақшаларының педагогтері, сондай-ақ Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Астана халықаралық университетінің студент-практиканттары қатысты.

Кеңес барысында аккредитация нәтижелері мен сыртқы сараптамалық бағалаудың ұсынымдары, алдыңғы педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы қарастырылды, педагогтердің мультимедиялық технологияларды қолдану бойынша практикалық кейстері ұсынылды.

Сонымен қатар педагогикалық кеңес аясында педагогтер мен студент-практиканттардың бірлесіп әзірлеген мультимедиялық оқу материалдары көрсетіліп, олардың балалардың сөйлеу, танымдық және ойлау қабілеттерін дамытудағы тиімділігі атап өтілді.

Педагогикалық кеңес қорытындысы бойынша мультимедиялық технологияларды дәстүрлі оқыту әдістерімен кіріктіру, педагогтерге арналған семинар-практикум өткізу, озық тәжірибені тарату және білім беру ортасын медиа білім беру элементтерін қоса отырып, әрі қарай дамыту жөнінде шешімдер жобасы бекітілді.