ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы» акционерлік қоғамы «Азаматтық және әкімшілік-процестік құқықтың өзекті мәселелері» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық қарасты ұйымдарының заңгерлеріне арналды және заңнамадағы өзекті өзгерістер мен құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталды.
Семинар жұмысына лектор ретінде Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Сәуле Жұмабекова және Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Айбек Амангельдин қатысты.
Семинар барысында азаматтық және әкімшілік-процестік заңнама нормаларын қолданудың практикалық аспектілері, сондай-ақ мемлекеттік және ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметінде туындайтын өзекті мәселелер қарастырылды.
Семинарға қатысушылар ұсынылған дәрістердің мазмұны мен деңгейін жоғары бағалап, олардың практикалық маңыздылығын, ақпараттық қанықтылығын және тақырыптың жан-жақты ашылғанын атап өтті.