Басты бетГематологиядағы заманауи тәсілдер бойынша ҚР ПІБ МО ауруханасында шетелдік маманның шеберлік саба...

Гематологиядағы заманауи тәсілдер бойынша ҚР ПІБ МО ауруханасында шетелдік маманның шеберлік сабағы өтті

Гематологиядағы заманауи тәсілдер бойынша ҚР ПІБ МО ауруханасында шетелдік маманның шеберлік сабағы өтті Гематологиядағы заманауи тәсілдер бойынша ҚР ПІБ МО ауруханасында шетелдік маманның шеберлік сабағы өтті Гематологиядағы заманауи тәсілдер бойынша ҚР ПІБ МО ауруханасында шетелдік маманның шеберлік сабағы өтті Гематологиядағы заманауи тәсілдер бойынша ҚР ПІБ МО ауруханасында шетелдік маманның шеберлік сабағы өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында Санкт-Петербургтен келген гематолог дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты Всеволод Потапенко шеберлік сабағын өткізді. «Терапевтер тәжірибесінде гематологиялық ауруларды анықтаудың тиімді алгоритмдері» бағдарламасы аясында гематология саласының өзекті мәселелері бойынша 12 дәріс ұйымдастырылып, дәрігерлердің білімін жаңарту және заманауи әдіс-тәсілдерді күнделікті тәжірибеде тиімді қолдану мүмкіндіктері қарастырылды.

Дәрістер барысында анемия, лейкоз, лимфопролиферативті және миелопролиферативті ауруларды диагностикалау, химиотерапиядан кейінгі инфекциялық асқынулар мен пациенттерді ұзақмерзімді бақылаудың заманауи тәсілдері талқыланды. Бағдарлама клиникалық жағдайларды талдау және күрделі диагностикалық алгоритмдерді бірлесіп қарастырумен толықтырылып, дәрігерлердің тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге бағытталды.

Шеберлік сабағы аясында аурухана бөлімшелері мен емханасында пациенттерге жеке консультациялар өткізілді, сондай-ақ мамандарға әдістемелік материалдар табысталды. Медициналық орталығының ауруханасы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, мамандардың біліктілігін арттыру бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді.