Басты бетМТАЖО жасанды интеллект негіздері бойынша практикалық семинар өткізді

МТАЖО жасанды интеллект негіздері бойынша практикалық семинар өткізді

МТАЖО жасанды интеллект негіздері бойынша практикалық семинар өткізді МТАЖО жасанды интеллект негіздері бойынша практикалық семинар өткізді МТАЖО жасанды интеллект негіздері бойынша практикалық семинар өткізді МТАЖО жасанды интеллект негіздері бойынша практикалық семинар өткізді

Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы «Жасанды интеллект негіздері. Практика: машиналық оқыту, үлкен тілдік модельдер және цифрлық трансформация» атты екі күндік семинар өткізді. Семинар онлайн және офлайн форматта өтіп, оған 60 қызметкер қатысты. Оқу уақытының шамамен 70 пайызы практикалық жұмысқа арналды.

Іс-шараның мақсаты – мамандардың жасанды интеллект саласындағы қолданбалы құзыреттерін қалыптастыру және AI құралдарын ұйымның қолданыстағы цифрлық инфрақұрылымына енгізуге дайындау. Ерекше назар архитектуралық тәсілдерге, шешімдердің ауқымдылығына және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.

Теориялық бөлімді IT-инфрақұрылым және цифрлық технологиялар саласының маманы, техникалық директор Ғалым Тоқмашев жүргізді. Дәріс барысында жасанды интеллект архитектуралары, ML-модельдерді құру қағидаттары, үлкен тілдік модельдердің (LLM) жұмыс істеу механизмдері және AI-сервистерді корпоративтік IT-ландшафттарға интеграциялау мәселелері қарастырылды.

Практикалық бөлім толыққанды инженерлік зертхана форматында өтті. Қатысушылар интеллектуалды сервистердің прототиптерін әзірлеп, код жазып, API-интеграцияларды баптап және нақты уақыт режимінде сұраныстарды өңдеу сценарийлерін тестілеген. Қатысушылар әзірлеудің толық циклі арқылы өтті – техникалық тапсырманы қалыптастырудан бастап жұмыс істейтін прототипті көрсетуге дейін.

Семинар мамандардың технологияларды инженерлік тұрғыда іске асыруға дайын екенін көрсетті және ұйымның стратегиялық цифрлық трансформациясы аясында ауқымды AI-шешімдерді енгізуге негіз қалады.