Басты бетҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Түркістан облысындағы күндері

2026 жылдың 25-26 ақпан күндері Түркістан облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өтеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – озық медициналық технологияларды өңірдің тәжірибелік денсаулық сақтау саласына енгізу, өзара тәжірибе алмасу, ауруларды анықтау мен емдеудің заманауи тәсілдерін оқыту, сондай-ақ облыстың медициналық ұйымдарымен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты нығайту.

Делегация құрамына JCI, ISO, GLP және GMP халықаралық стандарттары бойынша аккредиттелген ҚР ПІБ Медициналық орталығы клиникаларының дәрігерлері енді. Олардың қатарында қантамыр хирургі, невропатолог, онколог, кардиолог, аритмолог, гинеколог, онкохирург, нейрохирург, гастроэнтеролог және басқа да мамандар бар.

Іс-шара аясында жоғары білікті мамандар облыс тұрғындарына тегін медициналық көмек (кеңес беру, операциялар) көрсетеді. Сонымен қатар өңірдің медицина қызметкерлері үшін дәрістер, семинарлар және тәжірибелік шеберлік сабақтары ұйымдастырылады.

Назар аударыңыз! Қабылдауға жазылу үшін медициналық ұйымдардың тіркеу бөлімдеріне хабарласу қажет.

Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат:

25 ақпан

Түркістан қалалық орталық ауруханасында қабылдау жүргізеді:

  • 09.00-17.00 – қантамыр хирургі Абылай Сейітқалиев;
  • 09.00-13.00 – онколог Қуантқан Жабағин;
  • 09.00-17.00 – кардиолог Назира Әлібаева;
  • 09.00-17.00 – аритмолог Ринат Қамиев;
  • 09.00-17.00 – невропатолог Ғалымжан Жолданбаев;
  • 09.00-17.00 – проктолог Әмір Сүлейменов.


№3 Облыстық перинаталдық орталықта қабылдау жүргізеді:

  • 14.00-17.00 – гинеколог Әділ Адрешев.


26 ақпан

Облыстық клиникалық ауруханада (Шымкент қ.) қабылдау жүргізеді:

  • 09.00-17.00 – кардиолог Назира Әлібаева;
  • 09.00-17.00 – невропатолог Ғалымжан Жолданбаев;
  • 14.00-17.00 – онколог Қуантқан Жабағин.


№3 Облыстық перинаталдық орталықта қабылдау жүргізеді:

  • 14.00-17.00 – гинеколог Әділ Адрешев.


Айта кету керек, медициналық мамандардың бұл сапары Медициналық орталық делегациясының өңірге алғашқы сапары барысында қол қойылған Түркістан облысы әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында ұйымдастырылып отыр.

БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпаратты келесі байланыс нөмірлері арқылы алуға болады: +7 702 420 5150, +7 702 912 57 89.