Басты бетСанитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы» РМК директоры болып Гаухар Нусупбаева тағайындалды.

Гаухар Нусупбаева санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі маман.

2023 жылдан бастап Орталық директорының орынбасары қызметін атқарып, зертханалық процестердің тиімділігін арттыру және ұйымдастырушылық жұмыстарды жетілдіру бағытында нәтижелі еңбек етті. Оның жетекшілігімен орталықтың жаңа ғимаратқа көшуі, зертханалардың аккредиттелуі, зерттеулер ауқымының кеңеюі және заманауи технологиялардың енгізілуі қамтамасыз етілді.

Бұған дейін ҚРДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жүйесінде басшылық қызметтер атқарып, ДДҰ аккредиттеген референс-зертхананы басқарды. Оның жетекшілігімен молекулалық секвенирлеудің озық әдістері енгізіліп, халықаралық стандарттар тәжірибеге енгізілді.

Қоғамдық денсаулық сақтау магистрі, қолданбалы эпидемиология бойынша CDC бағдарламасының түлегі.

Мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды, оның ішінде «Халық алғысы» медалі және «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісіне ие.