Басты бетҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері

ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Шымкент қаласындағы күндері

2026 жылғы 30-31 наурызда Шымкент қаласында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өтеді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – озық медициналық технологияларды қаланың тәжірибелік денсаулық сақтау саласына енгізу, өзара тәжірибе алмасу, ауруларды анықтау мен емдеудің заманауи тәсілдерін оқыту, сондай-ақ Шымкент қаласының медициналық ұйымдарымен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты нығайту.

Делегация құрамына JCI, ISO, GLP және GMP халықаралық стандарттары бойынша аккредиттелген ҚР ПІБ Медициналық орталығы клиникаларының дәрігерлері енді. Олардың қатарында нейрохирург, онколог, эпилептолог, гинеколог және басқа да мамандар бар.

Іс-шара аясында жоғары білікті мамандар Шымкент қаласының тұрғындарына тегін медициналық көмек (консультациялар, операциялар) көрсетеді. Сонымен қатар, қаланың медицина қызметкерлері үшін дәрістер, семинарлар және тәжірибелік шеберлік кластары ұйымдастырылады.

Назар аударыңыз! Қабылдауға жазылу үшін медициналық ұйымдардың тіркеу бөлімдеріне хабарласу қажет.

Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат:

30 наурыз

№ 2 қалалық ауруханасында қабылдау жүргізеді:

  • 14.00-17.00 – онколог Қуантқан Жабағин.


31 наурыз

№ 2 қалалық ауруханасында қабылдау жүргізеді:

  • 14.00-17.00 – онколог Қуантқан Жабағин.


Медицина мамандарының бұл сапары Медициналық орталық делегациясының қалаға алғашқы сапары барысында қол қойылған Шымкент қаласы әкімдігімен Өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылып отырғанын айта кету керек.

БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпаратты келесі байланыс нөмірі арқылы алуға болады: +7 7172 74 97 00.