Басты бетМедициналық орталық ауруханасында бактериолог дәрігерлерге арналған шеберлік сабағы өтті

Медициналық орталық ауруханасында бактериолог дәрігерлерге арналған шеберлік сабағы өтті

Медициналық орталық ауруханасында бактериолог дәрігерлерге арналған шеберлік сабағы өтті Медициналық орталық ауруханасында бактериолог дәрігерлерге арналған шеберлік сабағы өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының клиникалық-диагностикалық зертханасында Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген бактериолог дәрігерлерге арналған «Антибактериалды препараттарға төзімділікті бақылау мен тежеудің заманауи тәсілдері» атты шеберлік сабағы өтті.

Бұл оқыту бағдарламасы 2024 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде Павлодар, Көкшетау, Түркістан облысынан, сондай-ақ Алматы қаласындағы бірнеше медициналық ұйымнан келген мамандар білім алды.

Бес күндік цикл дәрістік және практикалық сабақтарды қамтыды. Қатысушылар антибиотикке төзімділік ұғымымен танысып, микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтау әдістерін меңгерді. Оның ішінде қолмен жүргізілетін диско-диффузиялық әдіс те, халықаралық EUCAST стандарттары бойынша заманауи бактериологиялық анализаторларда жұмыс істеу тәсілдері де қарастырылды.

Шеберлік сабағы барысында мамандар МОА-да EUCAST стандарттарын енгізу тәжірибесімен, масс-спектрометрді қоса алғанда заманауи зертханалық жабдықтармен жұмыс істеу ерекшеліктерімен, сондай-ақ инфекциялық бақылау жүйесіндегі микробиологиялық мониторинг мәселелерімен танысты.

Оқытудың негізгі мақсаты – мамандардың біліктілігін арттыру және Қазақстандағы медициналық ұйымдарда микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығын анықтаудың бірыңғай тәсілдерін енгізу үшін EUCAST стандарттарын кеңінен тарату.