Басты бетСЭСО-да санитариялық сараптама саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

СЭСО-да санитариялық сараптама саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

СЭСО-да санитариялық сараптама саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды СЭСО-да санитариялық сараптама саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды СЭСО-да санитариялық сараптама саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды СЭСО-да санитариялық сараптама саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

17 сәуір күні Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Еуразиялық экономикалық комиссия өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Іс-шараға Медициналық орталық басшысының орынбасары Людмила Бюрабекова және Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Гаухар Нүсіпбаева қатысты.

Еуразиялық экономикалық комиссия тарапынан кездесуге техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Александр Субботин, санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің директоры Владимир Синкевич, сондай-ақ техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Серік Құсайынов қатысты. Сонымен қатар талқылауға ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрқан Сәдуақасов және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директоры Искандер Хамитов қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Медициналық орталықтың Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының қызметімен танысты. Техникалық реттеу, өнімнің сәйкестігін бағалау, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесін нығайтуға бағытталған ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді.