Басты бетМедициналық орталық ауруханасы Integra GmbH Medical Technology компаниясымен меморандумға қол қойды

Медициналық орталық ауруханасы Integra GmbH Medical Technology компаниясымен меморандумға қол қойды

Медициналық орталық ауруханасы Integra GmbH Medical Technology компаниясымен меморандумға қол қойды Медициналық орталық ауруханасы Integra GmbH Medical Technology компаниясымен меморандумға қол қойды Медициналық орталық ауруханасы Integra GmbH Medical Technology компаниясымен меморандумға қол қойды Медициналық орталық ауруханасы Integra GmbH Medical Technology компаниясымен меморандумға қол қойды Медициналық орталық ауруханасы Integra GmbH Medical Technology компаниясымен меморандумға қол қойды Медициналық орталық ауруханасы Integra GmbH Medical Technology компаниясымен меморандумға қол қойды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы мен Integra GmbH Medical Technology компаниясы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат тараптардың жоғары технологиялық медицина саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға, соның ішінде «Тераностика орталығы» жобасын іске асыру аясында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Іс-шараға ҚР ПІБ Медициналық орталығының басшысы Рустам Албаев, басшының орынбасары Людмила Бюрабекова, Медициналық орталық ауруханасының директоры Раушан Қарабаева, Ядролық медицина орталығының мамандары, сондай-ақ Integra GmbH Medical Technology компаниясының басқарушы директоры Маттиас А. Колль бастаған өкілдері қатысты.

Рустам Албаев халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастық отандық денсаулық сақтау саласына инновациялық тәсілдерді енгізуге жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Оның айтуынша, тераностика мен ядролық медицинаны дамыту медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал ететін басым бағыттардың бірі болып табылады.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар бірлескен жобаларды іске асыруды, технологиялар трансферін, сондай-ақ білім мен құзыреттер алмасуды көздейтін өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Сондай-ақ сапар аясында делегация үшін Медициналық орталық ауруханасы бойынша ақпараттық тур ұйымдастырылып, Ядролық медицина орталығына бару қарастырылды.

Integra GmbH Medical Technology компаниясы медициналық технологиялар саласындағы шешімдерді ұсынатын жетекші халықаралық жеткізушілердің бірі болып табылады және ядролық медицина мен радиофармацевтикаға арналған жабдықтар мен интеграциялық жобаларға маманданған.