2026 жылғы 27-29 сәуір аралығында Абай облысында «ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» өтеді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – облыстың тәжірибелік денсаулық сақтау саласына озық медициналық технологияларды енгізу, кәсіби тәжірибе алмасу, мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ медициналық ұйымдармен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты нығайту.
Делегация құрамына JCI, ISO, GLP және GMP халықаралық стандарттары бойынша аккредиттелген ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханаларының дәрігерлері енді. Олардың қатарында аритмолог, реабилитолог, гинеколог, проктолог және басқа да мамандар бар.
Іс-шара аясында Абай облысының тұрғындары үшін тегін консультациялар және хирургиялық араласулар ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, медицина қызметкерлері үшін облыстың медициналық ұйымдары базасында өтетін дәрістер, семинарлар және тәжірибелік шеберлік кластары қарастырылған.
Назар аударыңыз! Қабылдауға жазылу үшін медициналық ұйымдардың тіркеу бөлімдеріне хабарласу қажет.
Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат:
27 сәуір
«Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінде қабылдау жүргізеді:
- 09.00-13.00 – аритмолог Ердан Майдыров.
Семей қаласының №1 емханасында қабылдау жүргізеді:
- 09.00-13.00 – аритмолог Шалкар Смагулов.
28 сәуір
Семей қаласының №1 емханасында қабылдау жүргізеді:
- 09.00-13.00 – аритмолог Ердан Майдыров.
Медицина мамандарының бұл сапары Медициналық орталық делегациясының өңірге алғашқы сапары барысында қол қойылған Абай облысы әкімдігімен Өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұйымдастырылып отырғанын айта кету керек.
БАҚ өкілдері үшін қосымша ақпаратты келесі байланыс нөмірі арқылы алуға болады: +7 7172 74 97 00.