Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығында Bureau Veritas Certification Holding тарапынан халықаралық аудиті...

ҚР ПІБ Медициналық орталығында Bureau Veritas Certification Holding тарапынан халықаралық аудиті өткізілді

ҚР ПІБ Медициналық орталығында Bureau Veritas Certification Holding тарапынан халықаралық аудиті өткізілді ҚР ПІБ Медициналық орталығында Bureau Veritas Certification Holding тарапынан халықаралық аудиті өткізілді ҚР ПІБ Медициналық орталығында Bureau Veritas Certification Holding тарапынан халықаралық аудиті өткізілді

ҚР ПІБ Медициналық орталығында ISO 9001:2015 халықаралық стандарты талаптарының сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесінің қадағалау аудиті өткізілді. Аудитті Bureau Veritas Certification Holding (Дубай филиалы) өкілі жүзеге асырып, қолданыстағы жүйенің белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға, сондай-ақ оның нәтижелілігі мен ұйым мақсаттарына қол жеткізу қабілетін бағалауға бағытталды. Аудитті өткізуге ұйымдастырушылық қолдауды Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы қамтамасыз етті.

Аудит барысында Медициналық орталықтың негізгі процестеріне кешенді бағалау жүргізілді. Жоғары басшылықтың сапа менеджменті жүйесінің нәтижелілігі үшін жауапкершілігі, сапа саласындағы саясат пен мақсаттардың іске асырылуы, процестік тәсіл мен қауіп-қатерге бағдарланған ойлауды қолдану мәселелері қаралды. Сондай-ақ, әкімшілік-құқықтық басқарманың қызметі, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бағыттары және емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру тексерілді. Аудит құжатталған ақпаратты талдауды, сондай-ақ барлық негізгі бағыттар бойынша жауапты қызметкерлермен сұхбат жүргізуді қамтыды.

Аудит қорытындысы бойынша Медициналық орталықтың сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2015 стандартының талаптарына сәйкес келетіні және нормативтік пен реттеуші талаптардың орындалуын қамтамасыз ете отырып, тиімді жұмыс істейтіні расталды. Сонымен қатар, аудит шеңберінде жекелеген процестерді одан әрі жетілдіру және жалпы қызмет тиімділігін арттыру мүмкіндіктері айқындалды. Халықаралық аудиттің өткізілуі ҚР ПІБ Медициналық орталығының сапа мен үздіксіз даму қағидаттарына бейілділігін көрсетеді.