ҚР Президенті Іс басқармасының, оның ведомстволары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері арасында ұйымдастырылған шахмат турнирінде Медициналық орталықтың құрама командасы I орынды иеленді. Сондай-ақ ҚР ПІБ МО ауруханасының қызметкерлері де жарыста жүлделі орынға ие болды.
ПІБ дәстүрлі спартакиадасы аясында өткен жарыс Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) ережелеріне сәйкес швейцариялық жүйе бойынша өткізілді.
Турнирдің үздік ойыншыларының қатарында Медициналық орталық ауруханасының қызметкері Мақсат Оразбеков бар.
Турнир шахматты насихаттауға, логикалық және стратегиялық ойлауды дамытуға, сондай-ақ қызметкерлер арасындағы ең мықты ойыншыларды анықтауға бағытталған.