Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәр...

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәртебесін растады

ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәртебесін растады ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәртебесін растады ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәртебесін растады ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы инфрақұрылымды кеңейту аясында JCI халықаралық сапа мәртебесін растады

ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасы өз қызметінің Joint Commission International (JCI) халықаралық аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін кезекті рет растады. Тиісті сертификат қолданыстағы аккредиттеуді кеңейту аясында 80 төсек-орынға арналған жаңа көпсалалы стационар мен 450 келушіге арналған емхана ғимаратының пайдалануға берілуіне байланысты жүргізілген инспекциялық аудит қорытындысы бойынша алынды.

JCI жүйесі әлемдік деңгейдегі медициналық қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын айқындайтын ең беделді бағалаулардың бірі саналады. Ол жаһандық денсаулық сақтаудың «алтын стандарты» ретінде танылып, бүгінде әлемнің 60 еліндегі 1000-нан астам жетекші мемлекеттік және жекеменшік медицина ұйымдарында енгізілген.

ҚР ПІБ МО ауруханасы 2016 жылдан бері осы халықаралық қауымдастықтың қатарында болып, 2019, 2022 және 2025 жылдары медициналық қызмет сапасын жүйелі түрде растаған. Аурухана инфрақұрылымын кезең-кезеңімен дамыту, оның ішінде 2023 жылы 200 төсек-орындық емдеу корпусы мен Циклотронды-өндірістік кешеннің ашылуы халықаралық хаттамаларға сәйкестік талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырылып келеді.

Кезекті инспекциялық аудиттен сәтті өту ҚР ПІБ МО ауруханасының пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен емдеу тиімділігін арттыру бағытындағы жоғары дайындығын тағы да айқындады. Халықаралық сапа белгісінің жаңа ғимараттарға да берілуі Аурухананың әлемдік деңгейдегі стандарттармен жұмыс істейтін еліміздегі жетекші медициналық мекемелердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.