Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнім...

ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты ұйымдар соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Биыл Қазақстанда Ұлы Жеңістің 81 жылдығы атап өтіледі. Жыл өткен сайын арамызда соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері азайып барады. Сондықтан аға буынға көрсетілетін құрмет пен қамқорлықтың мәні арта түсуде. Мереке қарсаңында ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты ұйым ұжымдары ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйлеріне барып, Жеңіс күнімен құттықтап, ерлігі мен табанды еңбегі үшін алғыс білдірді.

Медициналық орталық ауруханасының ұжымы ардагерлерге тұрақты түрде медициналық көмек көрсетіп, қолдау танытып келеді. Биыл қызметкерлер соғыс жылдары зауытта еңбек еткен 100 жастағы тыл еңбеккері Алима Лапинаны арнайы құттықтады. Сондай-ақ соғыс кезінде өндірісте еңбек еткен 95 жасар Муслима Мусина, Күлиш Жүнісбекова және Сағира Рахметовамен жылы жүздесулер өтті. Құттықтаулар соғыс жылдары зауытта жұмыс істеген Смағұл Жұмабековке, балалық шағы соғыс кезеңімен тұспа-тұс келген Владимир Котелинге, сондай-ақ Холокост қасіретін бастан өткерген Жаннета Дунаеваға да арналды.

Ұлттық госпиталь қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Екатерина Барановаға барып қайтты. Соғыс жылдары ол әскери госпитальде медбике болып қызмет атқарып, жараланған сарбаздарға көмек көрсеткен. Жеңістен кейін де өмірінің жарты ғасырдан астам уақытын медицина саласына арнаған.

Almaty Resort ұжымы қамқорлығындағы 101 жастағы майдангер Иван Бегунов пен 91 жастағы тыл еңбеккері Алевтина Моисееваны құттықтады. Иван Бегунов соғыс соңына дейін майданда болып, Еуропаны азат ету шайқастарына қатысқан және Қызыл Ту орденімен марапатталған. Ал Алевтина Моисеева ұзақ жылдар бойы Алматы қаласының өндіріс және әлеуметтік салаларында еңбек еткен.

«Оқ-Жетпес» шипажайының қызметкерлері тыл еңбеккерлері Өтелбай Елбергеновті, Бегайдар Зейноллинді және Анна Безрученконы құттықтап, олардың ел үшін сіңірген еңбегі мен адалдығына ризашылықтарын білдірді.

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының ұжымы тыл еңбеккері Роза Жанзакованы құттықтап, естелік сыйлықтар мен азық-түлік себетін табыстады. Сондай-ақ соғыс жылдарындағы еңбегі үшін алғыс сөздерін жолдады.

«Қарлығаш» балабақшасының қызметкерлері тыл еңбеккерлері Тәжібаевтар отбасына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Әбдіқадыр Тәжібаев соғыс жылдары Арал ауданында ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен. Бүгінде ол – тыл және еңбек ардагері, Байқоңыр қаласының құрметті азаматы.

Бұл күні ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне ерекше құрмет көрсетіліп, жылы лебіздер мен шынайы қамқорлық танытылды. Бұл – қиын кезеңдерді бастан өткеріп, кейінгі ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған буынға деген тағзым.