Басты бетАстанада Мейірбикелер күніне орай медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне арналған республ...

Астанада Мейірбикелер күніне орай медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне арналған республикалық конференция өтті

Астанада Мейірбикелер күніне орай медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне арналған республикалық конференция өтті Астанада Мейірбикелер күніне орай медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне арналған республикалық конференция өтті Астанада Мейірбикелер күніне орай медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне арналған республикалық конференция өтті Астанада Мейірбикелер күніне орай медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне арналған республикалық конференция өтті Астанада Мейірбикелер күніне орай медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне арналған республикалық конференция өтті Астанада Мейірбикелер күніне орай медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне арналған республикалық конференция өтті Астанада Мейірбикелер күніне орай медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне арналған республикалық конференция өтті

Бүгінде мейірбике мамандығы денсаулық сақтау жүйесіндегі көмекші қызмет туралы қалыптасқан дәстүрлі түсініктен әлдеқайда кең ауқымды. Қазіргі мейірбике ісі кәсіби құзыреттерді дамытуды, медициналық көмектің сапасын басқаруды және науқастарды емдеудің барлық кезеңінде сүйемелдеуді қамтиды. Осы және өзге де мәселелер бүгін ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасында өткен Дүниежүзілік мейірбикелер күніне арналған «Денсаулық сақтаудың заманауи бағдарлары: өкілеттік беру, сапа, қауіпсіздік» атты республикалық ғылыми тәжірибелік конференцияда талқыланды.

Денсаулық сақтау саласын жаңғырту жағдайында медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігі ерекше маңызға ие болып отыр. Мейірбикелер рөлінің кеңеюі мен функциялары бойынша өкілеттік беру жұмыс тиімділігін арттыруға, дәрігерлерге түсетін жүктемені азайтуға, медициналық көмектің қолжетімділігін жақсартуға, сондай-ақ орта медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеруге ықпал етеді.

«Бүгінде мейірбике ісін дамыту – заманауи денсаулық сақтау жүйесінің маңызды бағыттарының бірі. Орта медицина қызметкерлері пациентті медициналық көмектің барлық кезеңінде сүйемелдеп, емдеу үдерісінің сапасы, қауіпсіздігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Сондықтан мұндай алаңдар кәсіби тәжірибе алмасуға, замануи технологияларды игеруге, кәсіби біліктілікті шыңдауға және саланы дамытудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді. Мейірбикелер құзыретін кеңейту, білім беру жүйесін нығайту және заманауи стандарттарды енгізу жалпы денсаулық сақтау саласын дамытудың маңызды бөлігі ретінде қарастырылуы тиіс», – дейді ҚР ПІБ Медициналық орталығы емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастыру басқармасының басшысы Шакизат Халықова.

Конференция аясында қатысушылар Қазақстандағы мейірбикелер ісінің қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, практикаға цифрлық шешімдер мен заманауи технологияларды енгізу және мейірбикелердің жоғары білімін дамыту мәселелерін талқылады.

Баяндамалармен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР ПІБ Медициналық орталығының, Nazarbayev University, С. Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығының, Ұлттық нейрохирургия орталығының, UMC корпоративтік қорының және елдің өзге де жетекші медициналық ұйымдарының өкілдері сөз сөйледі.