ҚР ПІБ Мединалық орталығының Ұлттық госпиталіне белгілі ғалымдар – АҚШ-тан инфекциялық иммунология және вакцинология саласындағы мақалалардың авторы, биология ғылымдарының докторы Петр Игнатов пен Өзбекстаннан эпидемиология саласындағы мақалалардың авторы, медицина ғылымдарының докторы Иброхим Маматқұлов келді.
Олар аурухананың инфекционист дәрігерлерімен кездесіп, бруцеллезді емдеу әдістерін талқылады. Госпиталь бүгінде қандағы арнайы иммундық жасушаларды анықтау үшін қолданылатын сапалы салыстырмалы талдау әдісі бойынша ең сапалы талдау жүргізуде.
Дәрігерлер бруцеллезбен ауырып жатқан, кене шаққан және сирек кездесетін Лайм вирусы бар науқастардың хал-жағдайын тексерді. Мамандар госпиталь дәрігерлерінің жұмысына жоғары баға беріп өтті.