Басты бетАстанада ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі білім беру үдерісіне кіріктірудің заманауи тәсілде...

Астанада ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі білім беру үдерісіне кіріктірудің заманауи тәсілдері талқыланды

Астанада ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі білім беру үдерісіне кіріктірудің заманауи тәсілдері талқыланды Астанада ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі білім беру үдерісіне кіріктірудің заманауи тәсілдері талқыланды Астанада ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі білім беру үдерісіне кіріктірудің заманауи тәсілдері талқыланды Астанада ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі білім беру үдерісіне кіріктірудің заманауи тәсілдері талқыланды Астанада ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі білім беру үдерісіне кіріктірудің заманауи тәсілдері талқыланды Астанада ұлттық құндылықтарды мектепке дейінгі білім беру үдерісіне кіріктірудің заманауи тәсілдері талқыланды

Астанада ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында «Ұлттық құндылықтар: жаңа мағына, жаңа көзқарас» атты қалалық семинар өтіп, мектепке дейінгі білім беру жүйесіне ұлттық құндылықтарды кіріктірудің заманауи тәсілдері талқыланды. Іс-шараға елордалық мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері қатысты.

Семинарда заманауи білім беру әдістері мен ұлттық тәрбиені ұштастыру мәселелері қарастырылды. Қатысушылар баланың мәдени болмысын қалыптастыру, ұлттық дәстүрлермен сабақтастықты сақтау және ұлттық мазмұнды күнделікті білім беру ортасына енгізу тақырыптарын талқылады.

Семинар қатысушыларына арнаған құттықтау сөзінде балабақша директоры Гүлшат Онланбекқызы ұжымның ұлттық құндылықтарды білім беру үдерісіне табиғи әрі үйлесімді енгізудің жаңа жолдарын күнделікті ізденіспен жүзеге асырып отырғанын атап өтті.

«Біз үшін бұл – бөлек бағыт емес, баланың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі. Ұлттық нақыш білім беру ортасынан бастап күнделікті дәстүрлерге дейін көрініс табады. Тіпті ас мәзірінде де ұлттық тағамдар бар. Біз үшін балалардың кішкентай кезінен өз тамырымен байланысын сезініп, өз мәдениетінің құндылығын түсініп, ұлттық болмысқа құрмет танытып өсуі маңызды», – деді балабақша басшысы.

Бағдарлама аясында «Бастау» авторлық бағдарламасы бойынша экскурсиялық тур ұйымдастырылды. Қонақтарға тақырыптық сабақтар, қазақ халық ертегілері желісімен қойылған театрландырылған көрініс, ұлттық ойындар алаңы, жүзу секциясы және сәндік-қолданбалы өнерге арналған «Қолөнер сыры» эксперименттік алаңы таныстырылды.

Сондай-ақ семинар барысында заманауи білім беру технологияларына ерекше назар аударылды. Педагогтер балалардың эмоционалдық интеллектісін дамыту тәжірибелерімен бөлісіп, сингапурлық оқыту әдістемесі арқылы ағылшын тілін меңгерту бағытындағы жұмыстарын көрсетті.

Бағдарламаның жалғасы ретінде өткен Meet Up алаңында сарапшылар мен педагогтер цифрлық дәуірдегі ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу мен ұрпаққа жеткізу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ кездесуде жасанды интеллект мүмкіндіктерін ұлттық мұраны насихаттауда пайдалану, мнемотехника әдістерін қолдану және мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық мәдени мазмұнмен таныстырудың заманауи тәсілдері талқыланды.