ҚР ПІБ МО Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы Іс басқармасына қарасты ұйымдардың Бірыңғай HR жүйесі аясында HR процестерді дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша оқыту семинарын ұйымдастырды.
Оқыту бағдарламасы барысында қатысушылар адами ресурстарды басқарудың заманауи тәсілдері мен құралдарын, кадрлық әлеуетті дамыту, HR процестердің тиімділігін бағалау және оларды ұйым қызметіне енгізудің практикалық тетіктерін қарастырды.
Сондай-ақ кадрлық әкімшілендіруді цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинар аясында «Бірыңғай кадрлар жүйесі» ақпараттық жүйесінде жұмыс істеу бойынша тәжірибелік оқыту өткізілді. Қатысушыларға платформаның функционалдық мүмкіндіктері таныстырылып, кадрлық есепті оңтайландыру және HR процестердің тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар берілді.
Аталған оқыту Іс басқармасына қарасты ұйымдардың Бірыңғай HR-жүйесін дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі. Ол кадр саясатын одан әрі жетілдіруге, персоналды басқару сапасын арттыруға және HR менеджменттің заманауи стандарттарын енгізуге бағытталған.