Басты бетАнестезиологиядағы цифрлық технологиялар мен ЖИ мүмкіндіктері

Анестезиологиядағы цифрлық технологиялар мен ЖИ мүмкіндіктері

Анестезиологиядағы цифрлық технологиялар мен ЖИ мүмкіндіктері Анестезиологиядағы цифрлық технологиялар мен ЖИ мүмкіндіктері Анестезиологиядағы цифрлық технологиялар мен ЖИ мүмкіндіктері Анестезиологиядағы цифрлық технологиялар мен ЖИ мүмкіндіктері

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «POCUS-PAIN-AIRWAY Congress 2026» халықаралық конгресі өтіп жатыр. Ауқымды шараға Қазақстан мен шетелден келген жетекші анестезиолог-реаниматологтар, қарқынды терапия мамандары және ауырсынуды емдеу саласының сарапшылары қатысуда.

Екі күнге жоспарланған конгресс барысында қатысушылар анестезиология, қарқынды терапия, ультрадыбыстық диагностика және аймақтық анестезия салаларындағы заманауи әдістерді талқылайды. Бағдарламада ғылыми баяндамалар, шеберлік сабақтары және жаңа технологиялар мен клиникалық тәсілдер көрсетілетін тәжірибелік workshop-сессиялар қамтылған.

Іс-шара барысында пациент қауіпсіздігі, ауырсыну синдромын емдеу, аймақтық анестезия кезіндегі ультрадыбыстық навигация, күрделі тыныс алу кезіндегі басқару және қарқынды терапияның заманауи хаттамаларына ерекше көңіл бөлінді.

Спикерлер қатарында Қазақстан, Ресей және Ұлыбританиядан келген мамандар болды. Олардың арасында қарқынды терапия, ультрадыбыстық диагностика және интервенциялық ауырсыну терапиясы саласындағы халықаралық деңгейдегі сарапшылар бар.

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Саят Бикибаев «Аймақтық анестезия хаттамасы – цифрлық экожүйе: ҚР ПІБ МО тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде Ауруханадағы аймақтық анестезияның қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыру үшін енгізілген цифрлық шешімдер мен алгоритмдер туралы айтып, анестезиолог жұмысында жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктеріне тоқталды.

Конгресс аясында халықаралық медициналық компаниялардың қолдауымен тәжірибелік workshop-аймақтар ұйымдастырылды. Онда мамандар ультрадыбыстық навигация, аймақтық блокада жасау және заманауи жансыздандыру әдістері бойынша тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.