Басты бетСЭСО мамандары халықаралық форумға қатысты

СЭСО мамандары халықаралық форумға қатысты

СЭСО мамандары халықаралық форумға қатысты СЭСО мамандары халықаралық форумға қатысты СЭСО мамандары халықаралық форумға қатысты СЭСО мамандары халықаралық форумға қатысты

ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының мамандары Дүниежүзілік аккредиттеу күніне орай ұйымдастырылған «Инновациялар, сенім және тұрақтылық. Аккредиттеудің ықпалы» халықаралық форумына қатысты.

Форум барысында қатысушылар аккредиттеу жүйесін дамыту, сапаны қамтамасыз ету және сәйкестікті бағалау нәтижелеріне деген сенімді арттыру мәселелерін талқылады.

Іс-шараға, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының басшылары, Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері және Орталық Азия елдерінің аккредиттеу органдарының мамандары қатысты.