«Қарлығаш» балабақшасына Қазақстандағы Біріккен Араб Әмірліктері Елшілігінің өкілі Моза Әл-Яммахи және International Community Schools (ICS) халықаралық мектептер желісінің бас директоры Мұхаммед Әл-Шамма арнайы келді.
Сапар барысында қонақтар балабақшаның қызметімен және инфрақұрылымымен танысты. Оларға заманауи білім беру кеңістіктері, авторлық бағдарламалар және балалармен жұмыс барысында қолданылатын инновациялық тәжірибелер таныстырылды.
Қонақтар мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үдерісінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына, балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған заманауи тәсілдерге, сондай-ақ дамытушы ортаның жасалуына жоғары баға берді. Мұхаммед Әл-Шамма балаларды жан-жақты дамытуға бағытталған жүйелі жұмысты, педагогикалық ұжымның кәсібилігін және жүзеге асырылып жатқан білім беру бастамаларының ауқымын ерекше атап өтті.
Кездесудің басты нәтижесі ретінде «Қарлығаш» балабақшасы мен International Community Schools арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат серіктестік қатынастарды дамытуға, кәсіби тәжірибе алмасуға және бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыруға бағытталған.
Тараптар мектепке дейінгі және мектеп ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл білім беру сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби дамуына және халықаралық озық тәжірибелерді білім беру үдерісіне енгізуге ықпал ететінін атап өтті. «Қарлығаш» балабақшасы үшін ICS-пен серіктестік көптілді білім беру, XXI ғасыр дағдыларын дамыту және баланың мектепке дейінгі кезеңнен бастап тиімді білім беру траекториясын қалыптастыру салаларындағы халықаралық тәжірибені зерделеу тұрғысынан практикалық маңызға ие.
Анықтама үшін: International Community Schools – 1990 жылы Әбу-Дабиде құрылған халықаралық мектептер желісі.