Басты бет«Қарлығаш» балабақшасында оқу жылының қорытындысы шығарылды

«Қарлығаш» балабақшасында оқу жылының қорытындысы шығарылды

«Қарлығаш» балабақшасында оқу жылының қорытындысы шығарылды «Қарлығаш» балабақшасында оқу жылының қорытындысы шығарылды «Қарлығаш» балабақшасында оқу жылының қорытындысы шығарылды «Қарлығаш» балабақшасында оқу жылының қорытындысы шығарылды

2025-2026 оқу жылының аяқталуына орай ҚР ПІБ Медицина орталығының «Қарлығаш» балабақшасында қорытынды педагогикалық кеңес өтті. Кеңеске мекеменің үш нысанындағы басшылар, әдіскерлер мен педагогтер қатысып, атқарылған жұмыстардың нәтижелерін саралады, жүзеге асырылған жобалардың тиімділігін бағалап, мектепке дейінгі білім беруді одан әрі дамыту бағыттарын айқындады.

Кездесу барысында өткен оқу жылындағы жұмыс қорытындылары талданып, негізгі жетістіктер мен алдағы даму бағыттары талқыланды. Педагогикалық кеңестің ерекшелігі Блум таксономиясы негізінде ұйымдастырылуы болды. Бұл білім алуды қарапайым меңгеру деңгейінен бастап, оны талдау, бағалау және тәжірибеде қолдануға дейін жүйелеуге мүмкіндік беретін білім беру моделі. Мұндай тәсіл педагогтерге жыл қорытындысын шығарып қана қоймай, білім беру қызметін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.

Кеңес барысында «Бастау» авторлық бағдарламасын енгізу нәтижелері, ағылшын тілі мен математиканы оқытуда сингапурлық білім беру технологияларын қолдану тәжірибесі, сондай-ақ эксперименттік алаңдардың жұмысы таныстырылды. Педагогтер табысты тәжірибелерді талқылап, мектепке дейінгі білім беруде заманауи әдістемелерді қолдану бойынша өзара тәжірибе алмасты.

Кеңестің жеке бөлімі жазғы сауықтыру жұмыстарының жоспарына арналды. Балабақша басшылары балалардың мазмұнды демалысын ұйымдастыруға, денсаулығын нығайтуға және жаз мезгілінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды таныстырды.

Педагогикалық кеңес мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуына елеулі үлес қосқан қызметкерлерді марапаттау рәсімімен қорытындыланды. Оқу жылының қорытындысы бойынша «Жылдың үздік спикері», «Кәсіби қалам», «Сенім көпірі», «Озық тәжірибе жаршысы», «Балалар бастамасының навигаторы» және «Медиа кеңістік көшбасшысы» аноминацияларының жеңімпаздары анықталды.

Сондай-ақ жоғары кәсібилігімен, тиімді басқаруымен, корпоративтік мәдениетті дамытудағы және педагогикалық ұжымдарға сапалы әдістемелік қолдау көрсетудегі жетістіктерімен ерекшеленген әдіскерлер мен балабақша басшылары марапатталды.