Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында медицина қызметкерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Медицина қызметкері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасында Медициналық орталыққа қарасты ұйымдардың қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттарды Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы Асат Нұрпейісов табыстап, ұжымды кәсіби мерекемен құттықтады. Ол өз сөзінде қызметкерлердің Медициналық орталықтың дамуына қосқан елеулі үлесі мен кәсіби қызметтегі жетістіктерін ерекше атап өтті.

Көпжылдық адал еңбегі мен кәсіби қызметіндегі жоғары жетістіктері үшін қызметкерлер мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Олардың қатарында «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдары, Құрмет грамоталары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының Алғыс хаттары бар.