Басты бет«Қарлығаш» балабақшасы республикалық байқауда үздік атанды

«Қарлығаш» балабақшасы республикалық байқауда үздік атанды

«Қарлығаш» балабақшасы республикалық байқауда үздік атанды «Қарлығаш» балабақшасы республикалық байқауда үздік атанды

ҚР ПІБ Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасы «Мектепке дейінгі ұйымның үздік дамыту бағдарламасы» республикалық байқауының жеңімпазы атанды. Байқауды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ерте дамыту институты ұйымдастырды.

Байқау үш кезеңнен тұрды. Қорытынды республикалық кезеңге еліміздің 19 өңірінен 28 жұмыс өтті.

Қазылар алқасы «Қарлығаш» балабақшасының білім беру бағдарламасына жоғары баға берді. Бағдарлама балалардың танымдық қызығушылығын арттыруға, зерттеушілік қабілетін дамытуға, эмоционалдық интеллекті мен басқа да маңызды дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Балабақшада заманауи оқыту әдістері қолданылып, әр баланың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасалған.

Бүгінде «Қарлығаш» балабақшасы заманауи педагогикалық тәсілдерді жүйелі түрде енгізіп, мектепке дейінгі білім беру саласындағы озық тәжірибелерді дамытуға үлес қосып келеді.