Іс-шара өңірдің практикалық денсаулық сақтау жүйесіне заманауи медициналық технологияларды енгізуге, мамандар арасында тәжірибе алмасуға және облыстың медициналық ұйымдарымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Өңірге JCI, ISO, GLP және GMP халықаралық стандарттары бойынша аккредиттеуден өткен ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы ауруханаларының дәрігерлері келеді. Делегация құрамында пульмонолог, эпилептолог-невролог, уролог, реабилитологтар және басқа да бейінді мамандар бар.
Өңір тұрғындары үшін тегін консультациялар мен жекелеген операциялар ұйымдастырылады. Ал медицина қызметкерлеріне арналған дәрістер, семинарлар және практикалық шеберлік сабақтарын қамтитын білім беру бағдарламасы облыстың медициналық ұйымдарының базасында өтеді.
Пациенттерді қабылдау туралы ақпарат
29- 30 маусым күндері, Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының емханасында:
- 09:00–16:00 – пульмонолог Мадина Есенгелдинова
- 09:00–16:00 – эпилептолог-невролог Гүлдана Жұмабаева
Назар аударыңыз! Дәрігер қабылдауына жазылу үшін медициналық ұйымның тіркеу бөліміне хабарласу қажет.