Басты бетТағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері

Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері

Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі мәселелері

Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ осы саладағы ғылыми зерттеулерді дамыту мәселелері Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының алаңында қаралатын болады. Осыған сәйкес Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Гауһар Нүсіпбаева және Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасы Жұматай Оразбаев қол қойды.

Келісім ғылыми-техникалық және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларды жүзеге асыруды, кәсіби ақпарат пен тәжірибе алмасуды, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамытуға арналған іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр.

Ынтымақтастық нәтижесінде екі ұйымның ғылыми және сарапшылық әлеуеті біріктіріліп, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қайта өңдеу және тағам өнеркәсібін дамыту бағытындағы перспективалы жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.