«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Ұлттық госпитальдың («Совминка») қызметкерлері Астана және Алматы қалаларында сенбіліктер өткізді.
Елордада акцияға қатысушылар Есіл өзенінің бойындағы «Батыс» саяжайының аумағын абаттандырды. Олар жаяу жүргіншілер жолдарын және демалыс аймақтарын тазалап, сондай-ақ «Мөлдір бұлақ» бастамасы аясында өзен жағалауын тұрмыстық және өндірістік қалдықтардан тазартты.
Алматы қаласында Ұлттық госпиталь қызметкерлері Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жанындағы саябақты тазартты. Сенбілік барысында қоғамдық кеңістік қураған бұталар мен тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.
Экологиялық акция Медициналық орталықтың қызметкерлерін ортақ мақсатқа жұмылдырып, қаланың қоғамдық кеңістіктерін абаттандыруға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлестерін қосуға мүмкіндік берді.