ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығында «Сенімді провайдерден біліктілікті тексеру (МЛС): қолжетімді әрі жақын» атты конференция өтті. Іс-шараға Қазақстандағы біліктілікті тексеру провайдерлері, сынақ және медициналық зертханалардың өкілдері, сондай-ақ халықаралық серіктестер қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты – зертханалық зерттеулердің сапасы мен нәтижелерінің сенімділігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу және осы бағыттағы жаңа шешімдермен танысу болды.
Конференция барысында зертханалардың біліктілікті тексеру бағдарламаларына қатысуының маңыздылығы, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының осы бағыттағы қызметі және зертханалар жұмысының сапасын арттыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар қатысушылар қауіпті қалдықтарды басқару, азық-түлік қауіпсіздігін бақылаудың заманауи әдістері, ЕАЭО елдеріндегі біліктілікті тексеру провайдерлерінің өзара ынтымақтастығы, парфюмериялық өнімдерді токсикологиялық зерттеу және тағам өнімдеріндегі жануарлардың ДНҚ-сын анықтау бағытындағы бағдарламалар туралы баяндамаларды тыңдады. Баяндамалармен Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Гаухар Нүсіпбаева, Ұлттық аккредиттеу орталығының, «Жасыл Даму» АҚ, «Labionix» ЖШС, Өзбекстан аккредиттеу орталығының өкілдері, орталық мамандары және басқалар сөз сөйледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы зертханалық қызмет саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға және кәсіби ынтымақтастықты дамытуға арналған ашық алаң ретінде тұрақты түрде осындай кездесулер ұйымдастырып келеді.
«Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға және тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Ашық кәсіби диалог зертханалық қызмет сапасын арттыруға және әріптестік байланыстарды нығайтуға ықпал етеді», – деді Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Гаухар Нүсіпбаева.