Басты бетҚР ПІБ Медициналық орталығы ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өтті

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өтті ҚР ПІБ Медициналық орталығы ұйымдары арасында шағын футболдан турнир өтті

Өткен демалыс күндері Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қарасты ұйымдар арасында шағын футболдан турнир өтті.

Жарысқа барлығы алты команда қатысты. Атап айтқанда, Медициналық орталық ауруханасы, Ұлттық госпиталь, «Қарлығаш» балабақшасы, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, сондай-ақ «Оқжетпес» және Almaty Resort шипажайларының ойыншыларынан құралған құрама команда бақ сынады.

Турнир барысында қатысушылар өздерінің жақсы физикалық дайындығын, ұйымшыл командалық ойынын және жеңіске деген жігерін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I орын – Медициналық орталық ауруханасы
II орын – «Қарлығаш» балабақшасы
III орын – «Оқжетпес» және Almaty Resort шипажайларының құрама командасы.

Сонымен қатар турнир қорытындысында жеке номинациялар бойынша үздік ойыншылар анықталды.

«Үздік шабуылшы» номинациясына «Қарлығаш» балабақшасының ойыншысы Мирас Туляков ие болды.

«Үздік қорғаушы» аталымы Ұлттық госпиталь командасының ойыншысы Ерлан Жанабаевқа берілді.

«Ардагер» номинациясында Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығының ойыншысы Шерхан Жүнісов марапатталды.

Ал «Үздік қақпашы» атағына Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының ойыншысы Дәулет Омашев лайық деп танылды.