Басты бетСанитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен «Жасыл даму» АҚ экологиялық мониторинг салас...

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен «Жасыл даму» АҚ экологиялық мониторинг саласында ынтымақтастық орнатты

Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен «Жасыл даму» АҚ экологиялық мониторинг саласында ынтымақтастық орнатты

Тұрақты органикалық ластағыштарға экологиялық мониторинг жүргізу, зертханалық зерттеулерді дамыту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру мәселелері ҚР ПІБ Медициналық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы мен «Жасыл даму» АҚ арасындағы ынтымақтастық аясында қарастырылатын болды. Тараптар тиісті меморандумға қол қойды.

Құжатқа Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Гаухар Нүсіпбаева мен «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов қол қойды.

Ынтымақтастық Қазақстанның Стокгольм конвенциясы шеңберіндегі міндеттемелерін орындау аясында тұрақты органикалық ластағыштарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, тараптар бірлескен ғылыми-техникалық зерттеулер жүргізіп, ғылыми және зертханалық әлеуетті дамытуға, сондай-ақ тұрақты органикалық ластағыштарға экологиялық мониторинг жүргізу үшін зертханалық зерттеулерді жүзеге асыруға ниетті.

Кәсіби ақпарат пен сараптамалық тәжірибе алмасу да ынтымақтастықтың маңызды бағыттарының бірі болмақ. Екі ұйымның мамандары бірлескен консультациялар өткізіп, бағдарламалар әзірлейді және инновациялық жобаларға қатысады. Қажет болған жағдайда нақты міндеттерді шешу үшін жұмыс және сараптамалық топтар құрылады.

Меморандум екі ұйымның ғылыми, сараптамалық және зертханалық мүмкіндіктерін біріктіріп, Қазақстандағы тұрақты органикалық ластағыштарды мониторингтеу мен бақылау жұмыстарын күшейтуге мүмкіндік береді.