Басты бетЖетісу облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті

Жетісу облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті

Жетісу облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Жетісу облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Жетісу облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Жетісу облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті Жетісу облысында ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері өтті

26–27 тамызда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының медициналық ұйымдарының жетекші мамандары Талдықорған қаласындағы Облыстық аурухана базасында жұмыс істеді. Екі күн ішінде мамандар пациенттерді қабылдап, кеңес берді, өңір дәрігерлерімен бірлесіп күрделі нейрохирургиялық операциялар жасады, сондай-ақ облыстың медицина қызметкерлеріне арналған білім беру бағдарламасын өткізді.

Медициналық орталық күндерінің қорытындысы бойынша 32 пациент бейінді мамандардан кеңес алды, 2 нейрохирургиялық операция жасалды. Сондай-ақ 17 презентация, семинар және клиникалық жағдайларды талдау өткізілді. Оларға өңірдің 250-ден астам дәрігері қатысты.

Атап айтар болсақ, орталық мамандары облыс тұрғындарына тегін консультациялар ұйымдастырды. Мамандандырылған медициналық көмекті қажет ететін күрделі аурулары бар пациенттерге, сондай-ақ одан әрі диагностика жүргізу және емдеу тактикасын айқындауға ерекше назар аударылды.

Жетісу облысының дәрігерлерімен бірлескен практикалық жұмыс медициналық орталық күндерінің маңызды бөлігіне айналды. Медициналық орталық мамандары рентгенэндоваскулярлық хирургияның заманауи аз инвазивті әдістерін қолдана отырып, екі нейрохирургиялық операция жасады.

Медициналық орталық күндері аясында білім беру бағдарламасына да ерекше назар аударылды. Бағдарламада заманауи нейрохирургияның өзекті мәселелері, жедел іш синдромын диагностикалау және емдеу, сепсис пен септикалық шоктың алдын алу, диагностикалау және емдеу, ядролық медицина мен тераностиканың мүмкіндіктері, сондай-ақ семіздік пен метаболикалық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдері қамтылды.

Медициналық орталықтың көшпелі күндері республикалық және өңірлік медициналық ұйымдар арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды дамытудың маңызды құралы саналады. Мұндай формат өңір тұрғындарына бейінді мамандардан кеңес алып, заманауи емдеу әдістеріне қол жеткізуге, ал дәрігерлерге жетекші мамандардың практикалық тәжірибесін үйренуге, жаңа медициналық технологиялармен танысуға және күрделі клиникалық жағдайларды бірлесіп талдауға мүмкіндік береді.

Медициналық орталықтың мамандары енді қыркүйек айында Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарына ат басын бұрады. Онда мамандар өңірлердегі пациенттермен және медицина қызметкерлерімен консультациялық, практикалық және білім беру бағыттарындағы жұмыстарын жалғастырады.